Сымсыз технологиялар. IEEE 802.* станларттары




Сымсыз байланыс технологиялары қазіргі таңдағы ең дамыған байланыс түрі десекте болады. Мысалы, WI-Fi байланыс түрлері тағы басқада сол сияқты байланыс түрлері бар. Интерактивті байланыс дегеніміз - нақты уақыт аралағында хабарламалармен алмасу. Соңғы кездерде 10Мбит/с Ethernet және 100Мбит/с Fast Ethernet шешімдерін қатарластыра үйлестіреді қамтамасыз ететін жаңа шешім табылады.«Қос жылдамдықты» 10/100 Мбит/с Ethernet/Fast Ethernet технологиясы - желілік тақша,концентратор,коммутатор сияқты құрлғларға жоғарыдағы жылдамдықтардың (қай құрылғыларға байланысқанына байланысты) кез-келгенімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.10/100 Мбит/с Ethernet/Fast Ethernet желілік тақшасы бар дербес компьютерді 10 Мбит/с жылдамдықты концентратор портымен байланыстырғанда ол 10Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істейді.Егер де оны 10/100 Мбит/с жылдамдықты концентратор (3 Com SuperStack II Dual Speed Hub 500 сияқты) портымен байланыстырсақ,ол автоматты түрде 100 Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істей бастайды.Бұл тәсіл біртіндеп жоғары жұмыс өнімділігіне көшу ісін жүзеге асыра алады. Оған қоса,мұндай тәсіл серверлер мен клиенттердің желілік жабдықтарын қарапайым күйде сақтап,желілік құрылғыларын мен тасымалдау арналарының өткеру алабын өте кең пайдаланатын жаңа программаларды пайдалануға мүмкіндік береді.
Жергілікті желі - жоғары жылдамдықтағы адаптер арқылы желіге қосылған өзара жақын (бөлме, ғимарат, жақын ғымарат) орналасқан компьютерлер тобы. Ауқымды желі - байланыс жолы ретінде модемдерді және алыс байланыс жолдарын (телефон немесе дерсерік ) пайдалаланатын, бір- біренен алыста орналасқан когмспьютерлердің тобы. Жергілікті есептеу жілісі (ЖЕЖ) шектеулі территорияның аумағында, мысалы, бір ғимараттың ішінде, өзара кабельдер арқылы қосылған бірнеше компьютерлер мен сырқы құрлымдардан тұрады. Желі ресурстарды ортақ пайдалана отырып, интерактиті қосымшалармен жұрмыс істеуге , мысалы, электрондық пошта қызметін пайдалануға мүмкіндік береді. Компьютерлік желілерді пайдалану көптеген артықшылықтарға қол жеткізеді, соның ішінде: - деректерді және сыртқы құрлымдарды ортақ пайдалану нәтижесінде шығындарды төмендетуге; - қосымшаларды стандарттауға; - деректерді уақытында алуға; - тиімді өзара әсерлесу мен жымыс уақытын жоспарлауға. Қазіргі таңда компьютерлік желілер жергілікті есептеу желілерінің (ЖЕЖ) аумағынан шығып, елдер мен континенттерді байланыстыратын ауқымды компьютерлік (АКЖ) дәрежесіне жетті. Желінің екі типі кең тараған: бір рангілі желі және серверлердің негізіндегі желі. Анықтама. Сервер - өзінің ресурстарын желі қолданушыларына ұсынушы компьютер. Бір рангілі желілерге әрбір компьютер клиент ретінде де қызмет етеді. Қолданушылардың кішігірім топтары үшін мұндай желілер деректер мен сыртқы құрлымдарды бөлуді жылдам қматамасыз етеді. Сонымен қатар бір рангілі желіде басқару орталақтанбағандықтан, жетілген, жеткілікті қорғауды қамтамасыз ету қиын. Анықтама. Клиенттер - желілік ресурстарды пайдаланатын компьютерлер. Анықтама. Беріліс ортасы – компьютерлерді өзара қосу тәсілі. Деректер мен ресурстардың үлкен көлемдегі ортақ пайдаланылатын болса, сервердің негізіндегі желіне қолданған тиімді.Желінің қызметін байқай отырып, администратор деректерді қорғауды басқара алады. Мұндай желілерде желілік трафиктің көлеміне сыртқы құрлымдардың мөлшеріне байланысты бір немесе бірнеше сервер болуы мүмкін.Мысалы, бір желіде принт – сервер, коммуникациялық сервер және деректер қоры сервері болуы мүмкін. Қорытынды: Бір рангілі желіні пайдаланған тиімді, егер 1) қолданушылар саны оннан аспаса; 2) қолданушылар өзара жақын орналасқан болса; 3) деректерді қорғаудың маңызы болмаса; 4) фирманы ұлғайтудың қажеті болмаса. Сервердің негізіндегі желіні пайдаланған тиімді, егер 1) қолданушы саны көп; 2) деректерді кең және кешенді түрде қорғау қажет болса. Бір рангілі желілер мен сервердің негізендегі желелерден басқа осы желілердің ең жақсы қасиеттерінен тұратын құрама желілер бар. Сервердің негізіндегі желіге арналған операциялық жүйе бұл жағдайда негізгі қосымшалар мен деректкрді ортақ пайдаларуға жауап береді. Компьютер - клиенттерде бөлінген (белгіленген) сервердегі ресурстарға қатысуды және сонымен қатар өздерінің қатты дискілерін, қажетінше деректерін ортақ пайдалануға ұсынатын ОС Microsoft Windows NT Workstaion немесе Windows 98 операциялық жуйелері орындалуы мүмкін.